10.12.2025

Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасынан бес медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Францияда өткен халықаралық физика олимпиадасында екі күміс пен үш қола медаль иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді деп хабарлайды.

IPhO-2025 олимпиадасы биыл Францияның Палезо қаласында өтіп, оған 90 елден 400-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан атынан шыққан бес оқушының бәрі жүлдеге ие болды.

Күміс медаль иегерлері — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әмірбек Азатбеков пен алматылық NIS мектебінің түлегі Бекасыл Елубай. Қола медаль алғандар — «Spectrum» мектебінен Әмір Пшенбаев пен Артур Ким, сондай-ақ NURORDA мектеп-лицейінің оқушысы Нұргүл Егенбергенова.

Команданың ғылыми жетекшілері — Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиада жүлдегері Алишер Еркебаев. Қазақстан бұл олимпиадаға 1997 жылдан бері қатысып келеді.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар