Таеквондошы Самирхон Абабакиров Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада 63 келі салмақта чемпион атанып, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальды жеңіп әперді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ақтық сында ол Түркия спортшысынан басым түсті. Бұл — ұлттық құрама үшін биылғы Универсиададағы алғашқы жеңіс.
Айта кетейік бүгінде ел қоржынында 1 алтын, 6 қола медаль бар.