Жарты жыл ішінде ел аумағында ішімдікке байланысты 107 мың құқықбұзушылық тіркелді. Осы деректен кейін 11 мың адамға спирттік ішімдіктерді пайдалануға ресми түрде тыйым салынды деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Бұл туралы Үкімет жанындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, қабылданған шаралар ішімдікке тәуелділіктің алдын алып, қоғамдық тәртіпті бұзатын істерді азайтуға бағытталған.
Министрлік есебінше, тыйым салынған адамдардың көбі бұрын құқықбұзушылық жасаған, отбасындағы жанжалдарға себеп болған немесе мас күйінде тәртіп бұзған. Енді бұл адамдар медициналық және құқықтық бақылауға алынып, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу құқығынан айырылған.