10.12.2025

Жамбыл облысында тыйым салынған діни материал таратқан 4 адам сотталды

Жамбыл облысында ел аумағында тыйым салынған діни материалдарды таратқан төрт азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Олар діни алауыздықты қоздырды деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды sayasatlive.kz.

Биыл жыл басында Бірлесу Еңбек ауылында ҰҚК мен полиция қызметкерлері діни мазмұндағы тыйым салынған әдебиеттерді таратып келген тұлғалар тобын ұстаған. Олар әлеуметтік желіде даулы діни уағыздар жариялап отырған. Тінту кезінде үйлерінен экстремистік деп танылған материалдар тәркіленді.

Маусым айында Жамбыл аудандық соты оларды Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар