10.12.2025

Есірткіге тәуелді 17 мың адам диспансерлік есепте тұр

Қазір ел бойынша есірткіге тәуелділігі бар 17 мыңнан астам адам медициналық бақылауға алынған. Бұл туралы Үкімет жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды деп хабарлайды sayasatlive.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, опиоидқа тәуелді адамдардың саны соңғы бес жылда азайғанымен, синтетикалық стимуляторлар мен аралас есірткі тұтынушылар көбейіп отыр. Жаңа енгізілген консультациялық бақылауға қазіргі таңда үш мыңға жуық адам тартылған. Наркологиялық көмек 20 өңірлік психикалық денсаулық орталығында, 79 қалалық және 205 аудандық кабинетте көрсетіледі.

Премьер-министр Олжас Бектенов нашақорлықтың, әсіресе жастар арасында, ушығып отырғанын айтып, тарату жолдарының аноним және күрделі болуына байланысты бұл мәселе күшейіп бара жатқанын ескертті. Осыған байланысты есірткі сайттарын бұғаттау, ақша аударымдарын бақылау және дәріханалардағы қозғалысты күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар