Күдікті түрмеге есірткі алып өтпек болғанда, иттің көмегімен қолға түсті. Бұл туралы Juzmedia.kz хабарлайды.
№59 түзеу мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде болған оқиға кезінде сарбаз Нұрбахыт Есенгелдиевтің қарауындағы «Зара» атты қызметтік ит кроссовкаға жасырылған есірткіні анық көрсеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, тыйым салынған заттар тәркіленді.
Күдікті құқық қорғау органдарына тапсырылды. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.