10.12.2025

Шымкентте жаңа көліктегі ақау үшін автосалоннан ақы өндіріп алды

Жаңа көлік сапасыз болғандықтан, тұтынушының құқығын қорғау департаменті автосалоннан клиенті үшін өтемақы өндіртті деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

2025 жылдың мамырында Түркістан облысының тұрғыны Шымкенттегі автосалоннан кепілдігімен жаңа көлік сатып алған. Алайда алғашқы күндерден бастап трансмиссия мен басқару жүйесінде ақаулар байқалып, көлік бірнеше рет сервистік жөндеуге жіберілген. Бірақ мәселе қайталана берген.

Автосалон көлікті ауыстыру немесе ақшаны қайтару талабына нақты жауап бермеген соң, тұтынушы Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінеді. Құзырлы орган тексеріс жүргізіп, тұтынушының талаптары заңды деп таныды. Нәтижесінде автосалоннан өтемақы өндіріліп, азаматтың құқығы қорғалды.

Ведомство сапасыз тауар немесе қызметке тап болған азаматтарды заң аясында шағымдануға шақырды.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар