10.12.2025

Қазақстан биыл 10 мың шетелдікке елге кіруге тыйым салды

Жыл басынан бері көші-қон ережесін бұзған 200 мың шетелдік жауапқа тартылған. Оның ішінде 10 мың адам елден шығарылып, оларға 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынған деп хабарлайды sayasatlive.kz.

Бұл туралы ІІМ міндетін атқарушы Бауыржан Аленов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Жауапқа тартылған 200 мың шетелдіктің 46 мыңы елде болу тәртібін бұзған. Сонымен қатар, көші-қон заңын жүйелі түрде бұзғандарға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Ал шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 2 мыңнан астам жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылды.

Биыл Қазақстанға келген шетелдіктер саны 7,5 миллионға жеткен. Олардың 97 пайызы көші-қон режимін сақтайтыны айтылды.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар