10.12.2025

Тоқаев «Бағанашыл» балалар үйін көшіру туралы шешімді тоқтатуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру жоспарына қатысты жағдайды бақылауына алды. Президент Алматы қаласының әкіміне аталған нысанды жөндеп, оны қаланың балансына алуды тапсырды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес, балалар үйі өз орнында қалады. Президент Әкімшілігі бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізеді.

Наурыз айында балалар үйінің тәрбиеленушілері әлеуметтік желіде үндеу жариялап, көшіруге қарсы болған. Осыдан кейін Алматы облысы әкімдігі мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл араласып, көшіру тоқтатылған. Алайда мамырда белсенділер тарапынан мекеме басшылығы жөндеу жүргізілмей, балаларды күштеп шығаруы мүмкін деген алаңдаушылық айтылған. Бірақ мекеме бұл күдікті жоққа шығарып, жөндеуге смета тапсырғанын, 2025 жылы жұмыс жоспарланғанын мәлімдеді.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар