Конституциялық Сот Қылмыстық-процестік кодекстегі бір баптың адам құқығын бұзатынын анықтады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Конституциялық Соттың хабарлауынша, мәселе мынада: егер адамды қамауға алу мерзімі өтіп кетсе де, іс сотқа келіп түскен сәтте судья ол адамды автоматты түрде қайта қамауда ұстауға шешім қабылдайды. Конституциялық Сот мұндай тәртіп Конституцияға қарсы деп есептейді. Себебі кез келген шектеу – тек заңмен және нақты негізбен ғана жасалуы керек.
Конституциялық Сот үкіметке алты ай ішінде заңнаманы қайта қарауды және жаңа заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді ұсынды.