Прокуратура орманды жалға алған кейбір кәсіпорындардың заң талаптарын сақтамағанын анықтап, келісімшарттарды бұздырды деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Нәтижесінде кадастрлық құны 1,3 миллиард теңгеден асатын төрт жер телімі мемлекетке қайтарылды. Бұл жерлер бұрын ұзақ немесе қысқа мерзімге орман шаруашылығына пайдалануға берілген.
Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелерінің бірқатар директоры тәртіптік жазаға тартылды. Прокуратура бұл шаралар арқылы орман қорын ұтымды пайдалану мен сақтауды қамтамасыз еткенін мәлімдеді.