Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған «Вифа» тайфуны салдарынан адам шығыны мен зардап шеккендерге байланысты Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.