2025 жылдан бастап ұлттық спорт түрлері олимпиадалық және паралимпиадалық спортпен бір қатарда басым бағыт ретінде заңмен бекітілді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Маусым айында күшіне енген жаңа редакцияда ұлттық спортты жүйелі қаржыландыруға және оны жоғары жетістіктер спорты ретінде дамытуға жол ашылды. Бұл өзгеріс мемлекеттік саясатта ұлттық спорттың салмағын айқын арттырды.
Бүгінде асық ату, көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ сияқты 11 ұлттық спорт түрі ресми түрде дамытылып жатыр. Оның төртеуі ЮНЕСКО мұрасына енген. Сонымен бірге ел ішінде дәстүрлі турнирлер мен этноспорт жарыстары тұрақты өтеді.