Бүгін Астанада екі бірдей ірі фестиваль өтіп жатыр: Qazaqstan Coffee Festival және «BaiQymyz» ұлттық гастрофестивалі деп хабарлайды Juzmedia.
Туризм және спорт министрлігі мәліметіеше, Qazaqstan Coffee Festival – кофе мәдениетін танымал етуге, шағын бизнесті қолдауға және қалалық атмосфераны дамытуға бағытталған. Бағдарламада дәм татулар, чемпионаттар, шоу, музыкалық бөлім мен білім беру форматтары бар. Фестиваль Астананың Достық көшесі, 4 мекенжайындағы Festival Avenue алаңында өтуде.
Қаланың екінші шетінде, «Қазанат» ипподромында дәл осы сәтте «BaiQymyz» ұлттық гастрофестивалі өтіп жатыр. Іс-шара ұлттық тағамдарды дәріптеп, агротуризмді дамыту және қымызды халықаралық деңгейде таныстыруды мақсат етеді.
Шілде айының соңына дейін Түркістанда экскурсия жүргізушілерін оқыту курсы жалғасады. 26 шілдеде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылында «Lotos – 2025» халықаралық фестивалі басталады. Сол күні Бурабайдағы Щучье көлінде ашық суда жаппай жүзу жарысы — Pikeman 2025 өтеді.