ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Айбота Ертайқызы мен Дамир Шуленов қола жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасына алғашқы екі медальді сыйлады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Көркем гимнастикадан сынға түскен Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда үздік үштікке ілігіп, үшінші орынды иеленді. Таеквандо жарысында Дамир Шуленов те қола жүлдемен марапатталды.
Универсиада Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатыр. Жарыс 16 шілдеде басталған, 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 76 спортшы қатысуда.