11.12.2025

Португалия — 2025 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы

Португалия ұлттық құрамасы UEFA Ұлттар лигасының 2025 жылғы маусымында чемпион атанды. Финалда Испаниямен кездескен португалдар негізгі және қосымша уақытта 2:2 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында басым түсті деп хабарлайды juzmedia.kz.

Матчтың алғашқы голын Зубименди соғып, Испанияны алға шығарды. Бірінші таймда Нуну Мендеш есепті теңестірді. Екінші таймда Оярсабаль қайта есеп ашты, бірақ ойын соңына қарай атақты португалиялық Криштиану Роналду таразы басын теңестіріп үлгерді.

Пенальти сериясында португалиялық ойыншылар мүлт кеткен жоқ. Қорытынды есеп – 2:2 (пенальти 5:3). Осылайша, Португалия өз тарихындағы екінші мәрте Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды. Бұған дейін олар 2019 жылы алғашқы турнирде чемпион болған еді.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар