10.12.2025

Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. 

Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қосанов – әскери авиация саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар офицер. Ол бұған дейін Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Шымкент және Қарағанды авиабазаларында басшылық қызметтерді, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры лауазымын атқарған. 2022 жылдан бері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы болды, ал 2024 жылдың қыркүйегінде Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне кірісті.

Жаңа министр «Әскери ұшқыш-мерген» атағының иегері, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және бірқатар мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысының шешімімен Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар