Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Президент армияның жауынгерлік дайындығын арттыруға және басқару жүйесіне цифрлық шешімдер енгізуге ерекше назар аударды.
Сондай-ақ Жоғарғы Бас қолбасшы арнайы операциялар күштерінің әлеуетін күшейту, әскери инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыс тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.