10.12.2025

Jas tolqyn: 31 жас талант халықаралық кезеңге жолдама алды

5–10 маусым аралығында Ақтау қаласында Батыс өңірінің төрт облысынан келген 350 бала қатысқан Jas tolqyn – 2025 жас таланттар байқауының өңірлік кезеңі өтті. Байқауға Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан 1380 үміткер өтініш беріп, олардың арасынан 350 қатысушы іріктеліп алынған.

Байқау нәтижесінде 31 жас дарын Гран-при иегері атанып, жыл соңында Мәскеуде өтетін халықаралық «КҚК – Дарынды балаларға» байқауына қатысуға мүмкіндік алды. Олардың қатарында жеке орындаушылар да, ансамбльдер де бар.

Гран-при жеңімпаздары арасында Ақтөбеден келген «Шашу» отбасылық ансамблі, Атыраудан шыққан саксофоншы Сейіт Адім, хореография, дәстүрлі ән және эстрадалық вокал номинацияларында көзге түскен өнерпаздар бар.

Байқау аясында қатысушылар шеберлік сабақтарына қатысып, тәжірибелі мамандармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Jas tolqyn – балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға және кәсіби өсуіне арналған маңызды алаң.

Жоба «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ-ның қайырымдылық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, дарынды балаларды қолдау – болашаққа жасалған инвестиция.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар