Әсел Жанасова ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды — делінген хабарламада.
Ол бұл қызметке дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы, сондай-ақ цифрлық даму саласында вице-министр қызметтерін атқарған. Жанасова – мемлекеттік цифрландыру жобаларын басқару және ІТ-инфрақұрылымды дамыту саласында тәжірибесі бар маман.