Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен кетті

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Руслан Жақсылықов аталған лауазымға 2022 жылы «Қаңтар оқиғасынан» кейін көп ұзамай келген еді.

Ұқсас ақпараттар