11.12.2025

Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы 3 алтын жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан өткен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды. Бұл – Париж Олимпиадасынан кейінгі ұлттық команданың алғашқы ірі жетістігі деп хабарлайды SayasatLive порталы Спортты дамыту дирекциясын сілтеме жасап.

Жарыстың басты қаһармандарының бірі – Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядында ең күрделі жаттығуды орындап, 14.933 ұпаймен чемпион атанды. Сол жаттығуда жасөспірімдер арасында Роман Хегай да үздік шықты (13.800). Қос сырық жаттығуында Нұртаң Ыдырысов 13.933 ұпай жинап, алтын жүлдегер болды.

Күміс медаль Милад Каримиге (еркін жаттығу) және Нұртаң Ыдырысовқа (тұтқалы ат, жасөспірімдер) бұйырды. Екі қола жүлде командалық көпсайыста ерлер және жасөспірімдер құрамасына тиесілі.

Чечхондағы жарысқа 24 елдің спортшылары қатысты. Әйелдер арасындағы бәсеке 12–15 маусым аралығында өтеді.

Соңғы жарияланымдар
Ұқсас ақпараттар